Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Шетелдіктердің кіші қажылық жасауына рұқсат етілді

0 1  277

Үстіміздегі жылдың 10 тамызынан  бастап шетелдік  қажылар кіші қажылық рәсімін жасай алады, деп хабарлайды «sunna.kz» сайты ресейлік «islam.ru» сайтына сілтеме жасай отырып.

Қажылық сапар екінші жыл қатарынан коронавирус пандемиясына байланысты шектеулі түрде жүріп жатыр. Сауд Арабиясының билігі атап өткендей, қажылар кіші қажылық рәсімін  барлық сақтық шараларын сақтай отырып өтеуі тиіс. Қажыларға қойлатын  басты талап – коронавирусқа қарсы екпе  салдыру. Сауд Арабиясында ресми бекітілген екпе түрлерін (Pfizer-BioNTech, AstraZeneca, Johnson&Johnson және Moderna)  қабылдау және теріс ПТР сынағы болуы керек. Екпе алмаған  қажылар Меккеге келгеннен кейін карантиннен өтіп, коронавирусқа екінші ПТР сынағын тапсыруы керек.

Қазіргі уақытта Харам мешітінде кіші қажылық маусымына дайындық басталып, дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ қажылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін кіру-шығу жолдарын, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін арнайы өту жолдарын бөлу және Зәмзәм су бөтелкелерін намаз оқитын жерлерге, аулалар мен тауаф аймақтарына бөлу қарастырылған.

«sunna.kz»

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.