Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ұлттық бірлігімізді қамтамасыз етудегі міндетіміз

Ұлттық бірлігімізді қамтамасыз етудегі міндетіміз

0 63

Байтақ даламызда көк жалаудың көлеңкесі астында мәңгі өмір сүруіміз бірлігімізге байланысты. Мұны жүзеге асыру үшін:

 

a) Мұсылман ретінде бір-біріміздің дін тұрғысынан бауыр екендігімізді біліп, алауыз болғандарды татуластырып, олардың арасын жақындастыруымыз керек.

ә) Өзімізге ұнайтын нәрсені оларға да тілеп, өзімізге ұнамайтын нәрсені басқаларға да істемеуіміз керек.

б) Қиындыққа ұшырап, басына іс түскен діні бір бауырларымыздың қайғысына ортақтасып, қолымыздан келгенше жәрдем етуіміз керек. Алла Тағала былай дейді: “Жақсылықта және жамандықтан қорғануда бір-біріңе жәрдем етіңдер.” («Мәидә» сүресі, 2-аят)

в) Ұлтық бірлігімізді бұзып, бір-бірімізге айдап салуға тырысатындарға абай болып, ондайлардың сөзіне ермеуіміз керек.

Алла бұл жайында мұсылмандарға мынадай кеңес береді: “Әй, иман келтіргендер! Егер жолынан тайған пасық адам сендерге бір хабар әкелсе, әуелі анық-қанығына жетіңдер, әйтпесе білмей, абайсызда бір елге кесірлерің тиіп кетеді де кейін істегендеріңе өкінесіңдер” («Хұжурат» сүресі, 6-аят)

г) Ұлттық бірлігімізді қамтамасыз етуде маңызы зор болып есептелетін діни сенімдерімізді бұзып, отанымыз бен халқымызға арамдық, дұшпандық ойлаған, бөлініп кетуімізді көксеген іріткі салушылардың алдап-арбағанына сеніп қалмай, дін жөніндегі білмегендерімізді нағыз білетіндерден сұрап отыруымыз керек.

ғ) Отанға және ұлтқа деген сүйіспеншіліктің иманнан екенін біліп, мұсылмандар арасындағы бауырмалдықтың шырқын бұзбай, оны нығайтуға тырысуымыз керек.

материал «Негізгі діни мағлұматтар» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.