Бүгін Қазақстан мұсылмандарының Х Құрылтайында екінші рет ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти лауазымына сайланған Наурызбай қажы Тағанұлына Шымкент қаласы, Абай және Ақтөбе облыстарының әкімдері құттықтау хат жолдады.
Атап айтқанда, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев және Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлын Бас мүфти лауазымына екінші рет сайлануымен құттықтап, еңбегіне жеміс, деніне саулық тіледі.
дереккөз: muftyat.kz