Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Әйел кісілерге қажыларды күзетуге алғаш рет рұқсат берілді (ВИДЕО)

0 724

Биылғы үлкен қажылық рәсімі кезінде Сауд Арабиясының қауіпсіздік күштері құрамында қызмет ететін әйел кісілерге қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге алғаш рет рұқсат берілді, бұл туралы «sunna.kz» сайты ресейлік «islam-today.ru» сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, елдегі Қарулы күштер құрамындағы әйел кісілер сәуір айынан бастап Мекке мен Мадинадағы негізгі қасиетті орындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыса бастаған. Болашақта әскери нәзік жандылар Харам мешіті мен Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінде де қызмет ете береді деп жоспарлануда.  

Еске салайық, Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед ибн Салман «Vision 2030»  деп аталатын реформа жоспарына сәйкес әйелдерге қатысты бірқатар маңызды шектеулерді алып тастап немесе жеңілдеткен болатын.  Енді саудиялық әйелдер көлік басқарып, қамқоршыларының рұқсатынсыз саяхаттап, әскерде қызмет етіп және отбасылық мәселелер бойынша өздері шешім қабылдай алады. 

«sunna.kz»

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.