Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

АҚШ мешіттерінде қандай мазхабтар мен дәстүрлер басым?

0 1  397

Америка құрама штаттарындағы әлеуметтік саясат және түсіну институты осы заманғы америкалық мешіттерде америкалық жамағат арасында мазхабтар мен діни тармақтардың қайсысы басымдық танытатынын анықтау мақсатында арнайы зерттеу жүргізді

Зерттеу бойынша Ихсан Багби есімді сарапшы бастаған зерттеушілер тобы анықтағандай, негізінен сүнниттерден тұратын америкалық жамағат арасында түрлі мазхабтар араласып кеткен. Бұдан бөлек, діни салада әйелдердің лидерлік рөлі артып келеді. Америкалық мешіттердің атқарушы кеңесінде әйелдер қарасы 67%-ды құрап отыр. 2000 жылы бұл көрсеткіш 50%-дан аспаған болатын. 2010 жылы 59%-ға жеткен еді. Бұған гендерлік теңдікке және адам құқығына айрықша мән беретін батыс елдерінің құндылығы өз ықпалын тигізгені себеп болып отыр.

Баршамызға белгілі болғандай, әлемнің көптеген мұсылман елдерінде жергілікті жамағат нақты бір мазхабты ұстанады. Ал, АҚШ-та әлемнің әр түкпірінен келген ұлты мен тілі басқа мұсылмандардың арасында нақты бір мазхаб басымдыққа ие емес. Десе де құрама штаттар аумағында Ханафи және Шафиғи мазхабы кеңінен тараған, сонымен қатар, Африкадан келген мұсылман иммигранттар қарасының көбеюіне байланысты Мәлики  мазхабын ұстанатындар қатары біртіндеп артып келеді.

sunna.kz

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.