Жұма, 11 қыркүйек 2026 ж. 29 рабиғул әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:07
Күн 05:38
Бесін 12:16
Ақшам 18:43
Құптан 20:13
Жаңалықтар

15-қазанды «Халықаралық пәтуа» күні  деп жариялау туралы шешім қабылданды

7 там 2021 1 178 рет оқылды
15-қазанды «Халықаралық пәтуа» күні  деп жариялау туралы шешім қабылданды

Дүниежүзілік Пәтуа ұйымының Бас хатшылығы 2-3 тамыз күндері Каир қаласында өткен «Цифрлық дәуірдегі пәтуа институттары: даму мәселелері мен ынтымақтастық механизмдері» атты халықаралық конференция өткізді.

Конференцияда індет дәуірі мен технологиялық прогресс, пәтуа беруде цифрлық әдістерді қолдану мәселелері талқыланды. Үш секцияда өткен конференцияда: «Пәтуалар жинағы: шындық және болашаққа деген үміт», «Цифрлық дәуірдегі пәтуа мәселелері: даму мәселелері мен тиімді модельдер» және «Эпидемия кезіндегі пәтуалар: әдістер мен механизмдер» тақырыбы қозғалды.

Сонымен қатар, әлемдік деңгейдегі ауқымды конференцияда  Біріккен ұлттар ұйымын 15 қазанды «Халықаралық пәтуа» күні деп жариялауға шақыру туралы бірауыздан шешім қабылданды.

sunna.kz

#Ислам #пәтуа #шариғат #ҚМДБ