Дүйсенбі, 31 тамыз 2026 ж. 18 рабиғул әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 03:45
Күн 05:21
Бесін 12:20
Ақшам 19:08
Құптан 20:43
Мақалалар

Аузыңа салған асың адал болса, өз-өзіңді мақтан тұт

8 рет оқылды
Аузыңа салған асың адал болса, өз-өзіңді мақтан тұт

«Бұл – Раббыңның пендесі Зәкәрияға тигізген шарапатының баяны» ("Мәриям", 2).


Зәкәрия пайғамбар адамдардың алдында ағаш ұстасы еді. Алайда Алланың алдында пайғамбар еді. Сенің құндылығың жұмысыңмен, дипломыңмен өлшенбейді.

 Сенің құндылығың Алланың алдында кім болғандығыңмен өлшенеді. Хадисте: «Қандай пайғамбар болмасын қой баққан», – делінеді.

Сол кезде сахабалар: «Уа, Алланың елшісі! Сіз де ме?» – деп сұрайды. Сол кезде Пайғамбарымыз: «Мен де ақысына қой баққанмын», – дейді. Өзіңнің жұмысыңнан, мамандығыңнан ұялма. Аузыңа салған асың адал болса, өз-өзіңді мақтан тұт.

материал Қанат Байбосынұлы, Аслан Орақбаевтың «114» кітабынан алынды,

sunna.kz