Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулде Абай ескерткішін ашады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ескерткіштің ашылу рәсімі 16-17 тамызда Тоқаевтың Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапары аясында өтеді.
“Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сеул қаласында Абай ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысады деп жоспарланған”, – делінген жазбада.
Сапар аясында екі ел президенттері келіссөздері жасайды деп жоспарланған.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Сеулге сапары аясында Кореяның ірі компанияларының басшыларымен, белгілі саяси қайраткерлермен кездесулер өткізеді. Қазақстандағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша бірқатар коммерциялық келісім-шарт жасалады деп жоспарланған.
Tengrinews.kz