Бүгін ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Мектепке жол 2021» қайырымдылық шарасы өтті. Қаладағы 12 мешіт бойынша қайырымдылық шарасының ауқымы 1000-ға жуық отбасыны қамтып, осынша оқушыға қажетті құрал-жабдықтар толтырылған мектеп сөмкесі таратылды.
Айта кетейік, карантиндік шектеулерге байланысты мешіт қызметкерлері мен ерікті жамағат мектеп сөмкелерін өтініш білдірген жандардың үйлеріне дейін жеткізіп беруді қолға алып отыр.
Шара барысында Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов қайырымдылық акциясына атсалысқан барша жандарға алғысын білдірді.
muslim.kz