Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қарттар қашан да құрметке лайық

0 358

Өскелең ұрпаққа ұлағатты өсиетін айтып, ізінен ерген жас буынға ізетін аямайтын қарттар қашан да құрметке лайық. Халқымызды өзгелерден дара ететін бір ерекшелік те осы. 

Қарияларды құрметтеу, олардың сөзіне құлақ асу – бабадан балаға сіңген қасиет. Осы орайда «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы мешітке келуші қарт кісілермен кездесті.

Қариялар алдында сөз алған бас имам: «Дінімізде үлкенге құрметпен, кішіге ізетпен қарау  әрбір мұсылманның басты парызы саналады.  Ұлтымызда «Қарты бар ел – қазыналы ел» деген жақсы сөз бар. Сол үшін де қарттар біздің асыл қазынамыз, жол көрсетер ақылшымыз. Қарттарды құрметтеп,  оларға қолдан келгенше жақсылық жасау бүгінгі ұрпақтың маңдайалды міндеті», – деді. 

Кездесуде бас имам қарияларға мешіт атынан арнайы сыйлықтар табыстап, қарттардың батасын алды.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.