Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Республикалық бас мешітте Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі аясында АҚШ-тан келген имам, Өркениеттер алмасуы және ынтымақтастық қорының президенті Мұхаммед Башар Арафатты қабылдады. Кездесуде елордада өткен халықаралық басқосу діндер арасындағы татулықты сақтау, үйлесімді байланыс орнату үшін таптырмас алаң болғаны айтылды. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қоғамда тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз етіп, бір ұстанымда болу үшін саяси және діни тұлғалардың бір үстел басында пікір алмасып тұрғаны өте маңызды екенін атап өтті.Басқосу барысында дін кадрларын даярлау, дінаралық дипломатияны дамыту мәселелері де сөз болды. Екіжақты кездесуден кейін тараптар діни саладағы ортақ жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.