Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар қалай жерленген?

0 977

2012 жылы Сауд Арабиясының королі Абдулла Мединадағы Пайғамбар (с.ғ.с) мешітін  бұрыңғы қалпынан 3 есе үлкейтті, енді бұл мешітте бір мезгілде 1,6 миллион адам намаз оқи алады.  Бұл мешіт Ислам әлемінде Меккедегі әл-Һарамнан кейінгі екінші қасиетті мешіт болып табылады. Мешіттің іргетасын Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар қалаған. Мұнда барлық сахабалар намаз оқыған.

Мешіттің аумағында Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың, оның сенімді серіктері болған сахабалары Әбубәкір мен Омардың зираты бар.

Әл-Масжид әл-Набауи мешітіне барған мұсылмандар әуелі мешіттің ішіндегі Рауда бағында ұмақтың бір бағы) екі ракағат намаз оқиды. Рауда бағы деген пайғамбарымыз (с.ғ.с) тірі кезінде тұрған үйі, яғни Айша анамыздың бөлмесі мен мешіттің арасындағы шамамен 10 шаршы метр жер. Қазір бұл жер де кеңейген мешіттің аумағына кірген. Екі ракағат намыздан соң мұсылмандар пайғамбарымыз (с.ғ.с) бен екі серігіне сәлем береді.

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) барлық пайғамбарлар секілді қайтыс болған орнына жерленген. Алланың елшісі (с.ғ.с) Айшаның бөлмесінде жатып көз жұмады. Өзінің өсиеті бойынша ол сол араға, яғни төсегі тұрған жерге жерленеді. Алланың елшісінің (с.ғ.с) оң иығы құбылаға қаратылып жерленген. Пайғамбар (с.ғ.с) көзі тірісінде үмметіне өзінің зиратын табынатын орын етуге және зиратынан келіп өзінен бір нәрсе сұрауға қатаң тиым салған. Сүйікті қызы Фатимаға: «Менен сұрайтының болса қазір сұрап алөлген соң сұрамамен ештеме бере алмаймынадам тек Алладан сұрайды» деп ескерткен. Көзі жұмыларда да айтқан соңғы сөзі: «Өз пайғамбарларының зиратын құлшылық қылатын орынға айналдырған қауымды қарғыс атсын!» болатын.

 Пайғамбар үйінее жерленгенімен Айша анамыз сол бөлмеде тұра береді. Өйткені оның басқа баратын жері жоқ еді. Солай бола тұрса да Айша анамыз өлген күйеуінің зиратына табынбаған, одан ештеме сұрап жалбарынбаған. Осылай тұрып жатқан кезде ажалы жетіп Әбубәкір көз жұмады. Ол ең ізгі сахаба еді. Өлерінде досы Мұхаммедтің жанына жерлеуді өтінеді. Сөйтіп ол да пайғамбарымыздың қасына Айша анамыздың бөлмесіне жерленеді. Айша анамыз Әбубәкір әкесі болғандықтан бұрынғыдай сол бөлмеде тұра берді. Кейін Омар да қайтыс боларда Айшадан екі серігінің қасына жерлеу үшін келісімін алады. Омар бөтен еркек болғандықтан енді Айша анамыз бөлменің олар жерленген жағы мен өзі тұратын кішкентай бөлігін перде арқылы бөліп қояды. Сөйтіп өле өлгенше осы бөлмеде тұрады. Оның тағы бір себебі пайғамбарымыздың (с.ғ.с) зиратын жат пиғылды, бөтен пейілді, әруақтан сұрап адасушылардан қорғау болса керек.

Айша анамыз қайтыс болған соң (ол Бақи қорымына жерленген) оның бөлмесінің есік-терезесі бітеліп, қабырғасы биіктетіледі. Кейін оның сыртынан тағы бір қатар қалың қабырға тұрғызылады. Ал оның сыртынан жасыл перде тұтылған. Мұсылмандар осы перденің сыртында тұрып сәлем береді. Ал пайғамбарымыз жатқан бөлмеге адам баласы кірмегелі 800 жылдан асыпты.

Рауда бағында намаз оқып болған соң мұсылмандар осы бағыт бойынша жүріп алдымен Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с): «Ассалаумағалейкум, Алланың елшісі! Сен бізге Хақ дін Исламды жеткіздің. Саған Алланың сәлемі мен игілігі болсын!» деп сәлем береді, сосын сәл жылжып «Ассалаумағалейкум, ей, Әбубәкір!» дейді, алға тағы сәл жүріп «Ассалаумағалейкум, ей, Омар!» дейді. Басқа ештеме айтылмайды, олардан ештеме сұралмайды. Сосын мешіттің ауласына шығып кетеді.

 Алла Тағала сіздерге де қажылықты нәсіп етіп, пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) сәлем беріп, Рауда бағында намаз оқуға жазсын!

mazhab.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.