Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚҰРБАН АЙТ ҚАРСАҢЫНДА АСТАНА ИМАМДАРЫНА ЖАҢА МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЛДІ (ФОТО)

0 1  988

Бүгін ҚМДБ  наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Астана қаласындағы мешіттердің бас имамдары  Құрбан айтқа орай «Раббың үшін құрбан шал» атты дәстүрлі кеңесте бас қосты, – деп хабарлайды “Нұр Астана” орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Жиын барысында елордалық 8 мешіттің дін қызметкерлері  Бас мүфти  Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің Құрбан айт мерекесін жоғары деңгейде ұйымдастыру туралы хатында көрсетілген міндеттермен танысты. Осы ретте Астана қаласының Бас имамы  Наурызбай қажы Тағанұлы қала мешіттерінің басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.  

jinalys (13)

jinalys (6)

Атап айтқанда, «Жетеудің бірі бол да, Раббың үшін құрбан шал!» акциясын халық арасында кеңінен насихаттап, бұл қайырымдылықтың маңызын түсіндіру. Сондай-ақ, имамдар 1-3 қыркүйек күндері мал соятын базарларға барып, құрбандық етін жинап, оларды «Астана – мейірімді қала» қалалық акциясы аясында арнайы бекітілген тізім бойынша  әлеуметтік ахуалы төмен, көпбалалы отбасыларға тарататын болады. Сойылған малдың етін тарату кезінде тәртіп, тыныштық, жүйелілік, көркем қарым-қатынасқа жіті көңіл бөлінуі керек екені ескертілді.

Ал, “Алтын Таға” мал базарында ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфтидің атынан дастарқан әзірлеу “Әзірет Сұлтан”, “Нұр Астана”, “Ғылмани” мешіттеріне жүктелді. Сонымен бірге, 1 қыркүйек күні сағат 08:00 мен 12:00 аралығында “Азия Парк” Сауда орталығынан “Алтын Таға” мал базарына қоғамдық көлік ұйымдастырылады.

Бұдан бөлек, Құрбан айт мерекесіне орай 30 тамыз күні баспасөз мәслихатын өткізу жоспарланып отыр.

Құрбан айт мейрамына «Нұр Астана» және «Ғылмани» мешіттерінің аулаларында киіз үйлер тігіп, бұқара халыққа ас беріліп, ұлттық ойын (арқан тартыс, күрес, кол күрес, асық т.б.) түрлерінен сайыстар, мерекелік жәрмеңке өтеді. Әсіресе, Құрбан айт мерекесі күндері мешіттің іші-сыртында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік шаралары күшейтіледі.

Мұсылман үмметі үшін айтулы мерекеде әр адам жылулық, мейірімділік пен ізгі қарым-қатынас көріп, өзін көңілді сезінуі керек. Соған байланысты ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған қалалық «Аялы алақан» мәдени шарасын ұйымдастыру “Төлебай” мешітіне тапсырылды. Ал, Қарттар үйінде «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік қайырымдылық кеші ұйымдастырылады.

jinalys (11)

jinalys (29)

jinalys (19)

jinalys (23)

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.