Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезекті Аппарат жиналысы өтті.
Мәжілісте жаңа Қазақстан жағдайында ҚМДБ қызметін жаңа заманауи үлгіде дамыту, ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы ҚМДБ рөлі, Республикалық бас мешіттің даму концепциясы, Қазақстан даласында мұсылмандық мектепті жаңғырту мәселесі талқыланды.
Мәжілісте ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков, Республикалық бас мешіттің имамы Қанат Қыдырмин аталған бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы Бас мүфтиге баяндады. Сонымен қатар «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсат Қайырғалиев қордың әлеуметтік, рухани және қайырымдылық бағыты бойынша жүзеге асатын жобаларын таныстырды.
Жиналыс соңында ҚМДБ Төрағасы дін қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берді.