Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти қайырымдылық дүкенінің ашылуына қатысты

0 1  026

18 қараша. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мәшһүр Жүсіп мешітінде Қайырымдылық дүкенінің ашылуына қатысты, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басты жеті бағыт бойынша атқарып келе жатқан жұмыстарының бірі – қайырымдылық. Ислам діні мұсылманды адамзат баласына, барша тіршілік иесіне мейірімді, қайырымды болуға үндейді. Мешіттегі қайырымдылық іс-шаралар адамдар арасындағы бауырмашылдықты арттыра түседі. Осы орайда мешіттер жанынан ашылған қайырымдылық дүкендері қажетті затты беруші мен алушы жандардың арасындағы мейірімділікті нығайтады деп сенемін. Алла Тағала игі іске үлес қосқан барша азаматқа разы болсын» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, қайырымдылық дүкенінде күнделікті тұрмысқа қажетті әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер, киім-кешектер бар. Мұқтаж азаматтар қайырымдылық дүкенінен өзіне қажетті киім-кешек пен азық-түлікті тегін алады. Қайырымдылық дүкеніне киім-кешек пен азық-түлік өткізуге болады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.