Ресми қабылдауда дін қайраткерлері қазақ-қырғыз бауырластығы нығайып келе жатқанын айрықша атап өтті. Сонымен қатар, тараптар Орталық Азиядағы мұсылман үмбетінің ауызбіршілігі, діни тұтастығы мен ортақ құндылықтары жайлы пікір алысты. Бауырлас елдердің мүфтилері ортақ мүдде мен мақсат үшін бірлесіп қызмет етудің маңыздылығына тоқталды. Өз кезегінде Мақсатбек қажы Тоқтамысов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Астанада өткен Еуразия мұсылман ғұламаларының форумы жайлы оң пікірін білдірді.
Серікбай қажы Ораз Қырғызстан мүфтиін Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің кезекті съезіне шақырды.
Басқосу барысында Қырғызстан мүфтиі Мақсатбек Тоқтамысов ресми сапармен арнайы Бішкекке келген Серікбай қажы Оразға алғысын білдірді.
Айта кетейік, бүгін Бас мүфти бастаған қазақстандық делегация Бішкекте өтетін халықаралық форумға қатысады.