Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Коронавирустың тағы бір жаңа штамы анықталды

0 893

26 қараша. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Оңтүстік Африка респуликасында B. коронавирустың 1.1.529 атауы бар жаңа мутациясы анықталды. Бұл туралы BBC агенттігі жазды, деп хабарлады Elorda.info сайтына сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.«Бұл нұсқа бұрынғыларға қарағанда әлдеқайда жұқпалы және вакциналардың оған әсері тиімсіз болуы әбден мүмкін», – деп баяндады агенттікке берген сұхбатында оңтүстікафрикалық эпидемиолог, профессор Салим Карим.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары жағдайды бағалау үшін Оңтүстік Африка республикасында осы елдің шенеуніктерімен кездеседі. Вирустың жаңа нұсқасына грек алфавитінің бір әрпімен («дельта» нұсқа сияқты) атау берілуі мүмкін.

Жаңа штамм «Ню» деп аталуы жоққа шығарылмайды. Бейсенбі кешінде Ұлыбритания билігі Африканың бірнеше мемлекетінен (ОАР, Нимибия, Зимбабве, Боствана, Лесото және Эсватини) келушілер үшін міндетті карантин енгізді. Бұл мемлекеттерден Британияға әуе рейстеріне уақытша тыйым салынған.

Әзірге Оңтүстік Африка респуликасында, Гонконг және Бостванада жаңа нұсқаны жұқтырудың 59 оқиғасы расталды. Ол алғаш рет Претория ауданындағы бірнеше студенттен анықталған.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.