Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жаңа президенті сайланды

0 823

26 қараша. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Берік Әбдіғалиұлы халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті болып сайланды, деп хабарлады ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Түркістан қаласында өтіп жатқан құрылтайда қоғамның вице-президенттері болып Максим Рожин мен Анар Фазылжанова сайланды. Келелі басқосуда сонымен қатар қазақ тілінің қоғамдағы рөлін дамыту талқыланып, тілге қатысты заңға өзгерістер енгізу ұсынылды.

Айта кетейік, бүгін Түркістанда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайы өтуде. Ауқымды шараға Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, сондай-ақ Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен Парламент депутаттары қатысуда. Еліміздің барлық өңірінен келген қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерінің, облыстар мен қала басшылары бастаған тіл жанашырлары өзекті мәселені өзара талқыға салуда.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.