Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бақытты отбасын құрғыңыз келсе…

0 605

«Пәленше ажырасыпты» деген хабарды есту үйреншікті жағдайға айналды. Күшті, берік махаббатпен үйленіп, 2 айдан кейін ажырасып жататындар енді ешкімді таңқалдырмайды. Айналамызда алғашқы күнгідей бір-біріне ғашық , бақытты жанда күн сайын азайып бара жатқандай ойға шомасың. Міне, осындай бақытты отбасын құру үшін төмендегі сырларға аса мән беруіміз керек сияқты:

Ерлі-зайыптылар кейде болмашы нәрсеге ұрысып-керісіп жататыны сөзсіз. Ондай кезде ең маңыздысы жұптардың тым қатты ашуланбауы, шектен шықпауы және күтпеген әрекеттер жасамауы қажет. Егер жұбайыңыз ашулы болса, сіз жұмсақ мәміле жасаңыз, көңілін жайландыруға, ашуын басуға тырысыңыз. Кейін өкінетіндей ауыр сөз айтудан, іс-әрекеттер жасаудан аулақ болыңыз.

«Бір ұрыс кезінде маған дауыс көтерді» деп сіз де ұрысудан сақтаныңыз. Ұрысумен ешнәрсе шешілмейді.

Егер дауласудан міндетті түрде біреуі жеңу керек болса, қарсы жағыңызға жеңістік бере салыңыз. Махаббаттың билікке таласатын соғыс емес екенін ойлап әрекет етіңіз.

Ешқашан бұрынғы жасаған қателіктерін қайта-қайта айтып, бетіне баспаңыз. Бүгінге дейін ешкім де өткенді кері қайтара алмаған.

Не үшін үйленгеніңізді ұмытпауыңыз керек. Қуаныш пен қайғыңызды бөлісу үшін, өмірден екі есе артық ләззат алу үшін үйленген жоқсыз ба?

Сөздеріңіздің болымды, сүйіспеншілікке толы және салмақты болуына мән беріңіз. Әйтпесе, еш нәрсеге қол жеткізе алмайсыз. Мұны ұмытпаңыз.

Бір жоспар құрған кезде қарсы жағыңызбен ақылдаспасаңыз, оның пікірін сұрамасаңыз немесе жора-жолдасыңызға одан да артық уақыт бөлсеңіз, қателесіп жүрсіз деген сөз.

Күніне ең азы бір рет өмірлік жарыңызға әдемі сөз айтыңыз. Жұбайыңыздың сізден әдемі сөзді естіген кезде қандай бақытты болатынын байқадыңыз ба?

Қателік жасасаңыз, қатеңізді мойындаңыз және кешірім сұраңыз. Қателік жасауыңыз дүниенің соңы емес. Бәрінен маңыздысы қате жібергеніңізді түсініңіз.

Үйдегі тыныштықтың ең негізгі қағидаларының бірі өзге де адамдармен қалай сыпайы және жақсы мәміледе болсаңыз, соның ең кемі жартысын отбасыңызға көрсетіңіз.

Сәуле Бекенқызы

«Иман» журналынан

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.