Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мұхтар Әуезов: Әрбір мектеп ұлт мектебі болуы үшін

0 466

Жазушы Мұхтар Әуезов ақсақалдың қазақ болмысына байланысты айтқан бүгінгі замандастарымызға қажет болар деген ой толғамдарын назарларыңызға ұсынамыз.

Ал, қазақ, мешел болып қаламын демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе.

Кешегі ешкімге бағынбай, елді хан билеп, көсем би билеген заман киіз туырлықты қазақтың тариихында әркімге белгілі бір дәуір. Ол заман өтті. Одан бергі біздің хал – бұлқынбай жатқа бағынудың жолында болды.

Нағыз қазақ бірлігі 15 ғасырлар ішінде шықты десек те, сол бірлікті жасаған рулардың көпшілігі ертерек заманда болған – Алтын орда.

Қазақ батырлары бәрі бір қалыпқа соққандай, барған жерін қырып келіп, жойып келетін үнемі жолы болып отыратын Хазіреті Әлі, Сейіт-Батталша батыр емес. Бұларда қазақ мінезі түгел бар деуге болады. Қазақ батырларындағы мақсат – алдымен ұлтшыл болу, одан әрі діншіл болу.

Қазақтың ендігі басшысына бірбеткейлік жарамайды, талай бетті қызмет, айла, тәсіл керек.

Білім – бақтың жібемейтін қазығы, білімсіз бақ – әлдекімнің азығы.

Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім.

Кімде-кім ана тілін, әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.

Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан дүниесі. Ол жүректі соқтырып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?!

Адамның жүрегін ағартып, адамшылығын арттырып ақтыққа сүйретйін үлкен күш – дін. Философия дінме бастас ғылым.

Әділет тілесе – атаңның болсын айыбын айт.

Жалпы музыка атаулы нәрсе елдің сезім байлығы мен ішкі жаратылыс қалпын білдіретін болса, солардың ішіндегі ең толғаулы, ең терең сырлысы – күй. Күйдің тіліндей бай тіл қазақтың әнінде жоқ.

Өнерпаз болсаң – өр бол.

Жалған намыс қасиет емес, ар сақтаған – қасиет.

Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны – елдік.

Жігітті жылы сөз ширатпайды, қатты сын ширатады.

Көбікті толқын санама.

Кісінің бір айыбын маған айтқан адам, менің жүз айыбымды кісіге айтар.

Еркін екем деп ерсі кетпе.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.