Талдықорған қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.
Жиын Құран аяттарын оқумен басталып, бірлік пен ынтымақ тақырыбында арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді.
Конференцияға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров және елімізге белгілі дінтанушы ғалымдар қатысып, дін мен дәстүр, дінаралық келісім және қоғамдық тұтастық тақырыптарында баяндама жасамақ.
Айта кетейік, оффлайн және онлайн форматтағы конференция Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметі аясында жарияланған «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы аясында өткізіліп отыр.