Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

БАС МҮФТИ ВИЦЕ МИНИСТРДІ ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)

0 2  618

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице министрі Берік Арын бастаған лауазымды мемлекеттік қызметкерлерді қабылдады.

Вице министр Берік Сақбайұлы Серікбай қажы Сатыбалдыұлын Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII Құрылтайында Бас мүфти болып сайлануымен құттықтап, жоғары лауазымды қызметіне сәттілік тіледі.

«Сіздің діни саладағы 20 жылдан астам қызметіңіз бен тәжірибеңіз еліміздегі діни саладағы жұмыстарға серпін береді деп сенемін. Жұмысыңызға табыс тілеймін», – деп атап өтті Берік Сақбайұлы.

Кездесу барысында Бас мүфти Серікбай қажы Ораз мүфтияттың 2018 жылы атқаратын іс-шаралары мен игі жобалары туралы баяндады.

Мәртебелі қонақтар ҚМДБ төрағасына қасиетті Құран кітапты сыйға тартты.

ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.