Бисмилләнің толығы “Бисмилләһир рахманир рахим”. Хадис шәріптерде былай делінген:
“Ұстазы балаға “бисмиллә” деп (үйретіп), шәкірті оны айтса, Алла Тағала оның ата-анасы мен ұстазын жәһаннамға кірмейтіндердің санатына жаздырады” (С. Әдәбийә).
“Құран Кәрімнің кілті – бисмиллә” (С. Әдәбийә).
“Бисмилләмен ішілген тамақ берекелі болады” (Ибн Мәжә).
“Бисмилләмен басталмаған әр іс аяқсыз қалады” (Бәйһақ).
“Үйге кірерде бисмиллә айтылса, шайтан: “Бұл үйге кіруімен мүмкіндік жоқ” деп, қайтып кетеді” (Тибйан).
“Амал дәптеріне 700 бисмиллә ажазылған адамды Алла Тағала жәһаннамнан шығарады” (Тағрибус-сапат).
“Істі “Бисмилләмен” бастаған адамның күнәлары кешіріледі” (И.Рафии).
“Тамақты бисмиллә деп жеп, соңында “әлхамдуллә” деген адамның дастарқан жиылмай жатып, күнәлары кешіріледі” (Табарани).
“Қиыншылыққа душар болған адам: “Бисмилләһир-рахмәнир-рахим, Уә ләә хәулә уә ләә қууәтә иллә билләһил ғәийил ғазыйм” десе, әртүрлі қиындықтан құтылады” (Дәйләми).
“Бисмиллә жазылған бір қағазды жерден көтерген адам шыншылдар қатарына жазылады” (Тәрғиб-ус-салат).
“Су ішерде бисмиллә де, ішіп болған соң әлхамдулиллә де және суды үшке бөліп ішіңдер” (Ибн Сүннән).
“Тамақ жердің алдында Алла Тағаланың есімін еске алыңдар, яғни “бисмиллә” деңдер! Басында бисмиллә айтуды ұмытқан адам, есіне түскенде “Бисмилләһи ғәлә әууәлиһи уәл ахи-риһи” десін!” (Әбу Дәуіт, Термези, Хаким).
“Тамақ жегенде, демалғанда және түнде жатарда шайтаннан қорғану үшін “бисмиллә” деңдер!” (Табарани).
“Үйден шығарда “Бисмилләһи тәуәккәлту ғәләллаһ, ләә хәулә уә ләә қууәтә иллә билләһ” деп айтқан адам, қауіптен қорғалады және шайтан одан алыстайды” (Термези).
“Уа, Расулалла (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын)! Көп жесек те тоймай жатырмыз. Тамақтың берекесі болмай жатыр” деген адамға Пайғамбарымыз (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын): “Тамақты бөлектенбей, бірге жеп, бисмиллә деңдер берекелі болады” деп жауап берді (Ибн Мәжә).
“Иман” журналы 2019 жылғы№1 сан. 32-бет
sunna.kz