Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Серікбол Хаман: Алланың Қадим сипаты туралы

0 764

«Әл-Қидам» сипаты – Алла Тағаланың сәлби сипаттарының бірі.

«Әл-Қидам» сипаты – Алла Тағаланың бар болуының бастауы жоқ, Ол ежелден бар деген мағынаға саяды.

Әуелі Жаратушы Жапар Иеміздің сәлби сипаты не деген сұраққа тоқталар болсақ, Ол сипаттар тек Алла Тағалаға ғана тиесілі, Одан басқа ешбір жаратылыс бұл сипатпен сипатталмайды. Әһли сүннеттің көз қарасы бойынша Хақ Тағаланың сипаттары Затымен әуелден бар, Оның бастауы жоқ және кейіннен пайда болмаған.

Имам Тахауи өзінің «Әһли сүннет баяны (тахауи ақидасы)» атты еңбегінде «Ол –бастаусыз қадим, соңсыз дәйім сипатты» деп жазады. Ол дегеніміз Алла –мәңгілік, бар болуы ешбір себепке, салдарға тәуелді емес. Ал жаратылыстар олай емес. Ұлы Иеміз Құран Кәрімде былай дейді هُوَالْأَوَّلُوَالْآخِرُوَالظَّاهِرُوَالْبَاطِنُۖوَهُوَبِكُلِّشَيْءٍعَلِيم

«Ол (Алла) – Әуелгі әрі Ақырғы, Жоғарғы әрі Жақын һәм Ол барлық нәрсені біледі».

Олай болса, Хақ Тағаладан бұрын қандай да бір нәрсенің бар болуы немесе қандайда бір нәрсенің Онымен қатар, болуы мүмкін еместігін білдіреді. Яғни Одан бұрын еш нәрсенің болмағанын білдік.

Алла Тағаланың сипаттары да Өзі сияқты қадим әрі жаратылыстардың пайда болуы нәтижесінде өзгеріске ұшрамайды. Бұл жайында Имам Тахауи өзінің «Әһли сүннет баяны (тахауи ақидасы)» атты еңбегінде «Ол «әл-Халиқ», яғни Жаратушы есіміне жаратылысты жаратқаннан соң ие болған емес һәм және «әл-Бәри», жоқтан бар етіп Жаратушы есіміне де «бәрийяны», яғни жаратылысты  бар қылған соң ие болған емес»-деп баяндайды. Бұдан да Алла Тағала Жаратушылық сипатты жаратылысты жаратып барып иеленген жоқ, керісінше ол сипаттар Онымен бірге мәңгілік екендігін түсінеміз.

Алла Тағалаға тарап (жиһа) пен мекен бекіту – Аллаға тарап жағынан (фауқия) жоғары көтерілу және алты тарапты бекіту үлкен қателік. Себебі Алла Тағаладан басқаның барлы жаралған, жаралғанның бастауы бар және соңыда бар. Пайғамбарымыз (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болғай!) Имам Муслимнің хадис жинағында өткен бір хадисінде «Сен әуелгісің, Сенен бұрын еш нәрсе болған емес», – дейді.

Ал, енді осы «Қидам» сипатына Мұғтазила ағымы басқаша түсінеді. Олар «Алла Тағаланың сипаттарын мойындамайды. Олардың сенімдері бойынша бұл сипаттарды Қадим дейтін болсақ «ежелден Алла Тағала ғана бар» деген қағидаға қарама қайшы келеді. Олай болса Жаратушыға серік қосқан боламыз деп есептейді.

Затымен сипатымен ежелден бар болған еш қандай кемшіліктен пәк болған Жаратушы Жаппар Иемізден алдында, қатар да еш нәрсе болмаған Алладан басқаның бәрі кейіннен жаратылған. Алла Ұлы барлық кемшіліктен пәк.

Серікбол Хаман

«Сәуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұстазы

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.