Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мағынасы қызық мақалдар: Алмастың жауы – қорғасын

0 297

Ақ айналар,

Қара байланар.

Алмастың жауы – қорғасын.

 

Киіз кімдікі болса, білек соныкі.

 

Қылшылдаған пышақ қынын да тесіп кетеді.

 

Сауытың қалың болса,

Жараң аз болар.

 

Түйменің инесіз күні жоқ.

 

Тоңған тонын мақтайды,

Адасқан жолын мақтайды.

 

Шоқпарды сілтей алмаған өзін тигізер.

 

Барымтадан қорыққан мал жимас.

 

Даудың түбін қыз бітірер,

Судың түбін құм бітірер.

 

Екі даугер ауыл болмас,

Ит күшіктеп сауын болмас.

 

Жалғанның құсасы,

Ақыретке кетпейді.

 

Жаманға сыр айтсаң, жарға жығар.

 

Жан-жағыңды жайқарсың,

Бір күні басты шайқарсың.

 

Керіскеннің кесірі,

Келген бақты кетірер.

 

Көп ауыз бір болса, бір ауыз жоқ болады.

 

Көп ұйғарса, хан түйесін сояды.

 

Күлді қанша үйсең де, төбе болмас.

 

Қырық атан ұстама,

Қырық тамыр ұста.

 

Өзі жығылған өкінбес.

 

Саяқ жүрсең, таяқ жейсің.

 

Табы бірдің ары бір,

Адал достың жаны бір.

 

У ішкен бір өледі,

Ант ішкен мың өледі.

 

Ұры мен бөрі бейғамдікі.

 

Ілем деп жүріп, ілігіп кетпе.

 

Малды шұбыртқан құртады,

Етті қуырдақ құртады.

 

Нәсілі жаман сиырдан, өлі бұзау туады.

 

«Бабалар сөзінің» 65-томынан

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.