Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бұл әңгімені қойған жөн болады

0 815

Албан ішінде Ағымсары мен Қосқұлақ аталас рулар. Ауыл ақсақалдары Нақысбек ақалақшыға келіп:

– Ағымсары мен Қосқұлақтың арасы баяғыда-ақ жеті атадан асып кетті. Мал атап сойып қыз алыса берсек қайтеді? – деп өтініш жасайды.

Сонда Нақаң:

– Қарындасын қатын қылуға асығып жүрген қай жарымаған?! Өзге ауылда қыз құрып қплып па? Жеті атаға толған екен деп қыз алыса беру дұрыс емес. Ең бірінші, келіннен ұят кетеді, баладан мият кетеді, күйеуден мейір кетеді, ағайыннан пейіл кетеді. Екіншіден, ұрпағы кем болады. Құлқыны кең болады. Бұл әңгімені қойған жөн болады, – деп рұқсат бермеген екен.

”Философиялық мұралар” кітабынан.

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.