Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жады айырықша адамдар

0 376

Программа кодтарын ұмытпаған

Билл Гейтс әлемнің ең бай адамы бола тұра, өзі жазған программа кодтарын жадында сақтайды екен. Оның саны жүзден асады.

12000 кітапты жатқа білген

Ким Пик – оқыған ақпараттың 98 пайызын ешқашан ұмытпайтын деңгейге жеткізген америкалық.

Өмірінің соңына дейін 12000-нан астам кітапты жаттап алған және бірден екі беттен оқыған.

Бұл кісі туралы атақты “Аутист(Rain man)” фильмі түсірілген.

Музыканы есте сақтап ұрлаған

Моцарт үш жасында әкесі мен әпкесі ойнаған музыкалық шығармаларды есінде сақтап, қайталап ойнаған.

От төрт жасында Сикстин капелласында ғажайып хорды естиді.

Бұл шығарма өте құпия сақталған, басқа еш жерде ойналмайтын еді.

Ал, Моцарт үйге барып, жадында сақталған хорды толығымен жазып шығады.

Мирас Күмісбайдың “Супержады” кітабынан

Sunna.kz

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.