«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің «Аналар мектебі» Рамазан пйының құрметіне 15 отбасына көмек қолдарын созды.
«30 күнге 30 шара» жобасы аясында атқарылған іс-шарада әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, толық емес құрамдағы отбасыларға көлемі 220 мың теңгені құрайтын тұрмысқа аса қажетті азық-түлік түрлері берілді.
Қасиетті айдағы көмекке дән риза болған көмек алушылар Алла үйінің қызметіне алғыс білдірді.