Мөңке бидің үйіне арық құнанына мініп Сырым бала келген екен.
Баланы көзге ілмеген би бәйбішесіне: “Балаға айран әкел” депті.
Таңертең үй маңында семіз қызыл тұсақтың үйелеп өліп қалғанын көрген Мөңке:
-“Құтты қонақ қонса, қойы егіз табады. Құтсыз қонақ қонса, малын қырсық шалады” деген, қызыл тұсақ үйелеп өдіпті. Бала, сен құтсыз қонақ болдың-ау, – депті. Сонда Сырым бала тұрып:
-Олай бола қоймас, биеке, – депті, – Құтты қонақ қонса, малы өліп, басы аман қалады. Құтсыз қонақ қонса, өзі өліп малы иесіз қалады. Менің қандай қонақ екенімді қайдан білесіз?! Мүмкін, құтты қонақ шығармын.
Мөңке би баланың сөзіне таң-тамаша болып:
-Рас айтасың, балам! Сен, шынында да, құтты қонақ екенсің, – деп оған сый-сияпат көрсетіпті.