Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

М. Шоқай: Халқымыздың жаны мен жүрегі

0 682

Ұлттың біртуар перзенті, ардақты Алаш арысы Мұстафа Шоқайдың бүгінгі замандастарымызға керекті болар деген ой орамдарын нащарларыңызға ұсынамыз.

Атамекенді сүю – оның тұтас мүддесіне қызмет ету, осы жолда әрқашан қызмет етуге, керек болса – жан пида қылуға дайынтұру болып табылады.

 

Ұлттық рухсыз – ұлт тәуелсіздігі болуы мүмкін бе? Тарих ондайды көрген жоқ та, білмейді де. Ұлт азаттығы – ұлттық рухтың нәтижесі. Ал, ұлттық рухтың өзі ұлт азаттығы мен тәуелсіздігі аясында өсіп-дамиды, жеміс береді.

 

Ұлтшылдық идеясы – халқымыздың жаны мен жүрегі. Ұлтымыз өмір сүрсе, ол да бірге өмір сүреді.

 

Ағалар, қыпшақ деген ұлт болмайды, қазақ деген ұлт бар. Егер әрқайсымыз бөлініп, қыпшақтың көсемі, арғынның көсемі болып жатсақ, біздің халық азады.

 

Ылғи да Отаныма қайту ойында жүремін және соған жету үшін тырысамын. Демек, атамекенімді құтқару үшін күресемін.

 

Кеңестік ұлт саясаты біздің “балғасымен” жаншып, “орағымен” орып тастады.

 

Өзінің ішкі бірлігін нығайта алған халықтар ғана тәуелсіздігіне қол жеткізе алады және оны қорғап қала алады.

 

Біз жеке тұлғалардан жоғары тұрған ұлттық мұраттарға сүйенеміз.

 

Тәуелділігін жалпы ұлт мүддесі тұрғысына сәйкес, ұлттың жалпы жағдайына үйлесетін түзім жолында құрбан ете білген адамдар ғана нағыз ұлттық патриот және ұлтқа пайдалы қызметші бола алады.

 

Ұлттық еркіндік пен азаттыққа талпыну – табиғаттың болмай қоймайтын заңы тәрізді нәрсе.

 

Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл.

 

Жалпы адамгершілік және философиялық тұрғыдан алғанда жақсы халық, жаман халық деген ұғым жоқ, болмайды да.

”Алаш айтқан асыл сөз” кітабынан

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.