Ескелді ерте есейіп, естілігін жеті жасқа жетпей-ақ аңғартса керек. Басқа бауырларына қарағанда еркетотайлау болып өскен Ескелді бірде әкесі Жылкелдінің алдына отырып алып:
– Әке, дүниеде қанша жетім бар екенін айтып берейін бе? – дейді. Баласының құймақұлақ болып өсіп келе жатқанына қуанған әке:
– Айта ғой, -дейді. Сонда жеті жасар Ескелді саусақтарын басып тұрып:
–Бірінші – шөбі жоқ жер жетім.
Екінші – басшысы жоқ ел жетім.
Үшінші – елінен ауған ер жетім.
Төртінші – тыңдаушысы жоқ сөз жетім.
Бесіншісі – төркінсіз қыз жетім.
Алтыншысы – баласыз кемпір меннен шал жетім.
Жетіншісі – панасыз аң жетім, – дейді.
Қай сөзінен мін табарын білмей, сәл ойланған әке:
– Ал, қасиетсіз қаншау?, – деп сұрайды.
Ескелді жұлып алғандай:
– Ол да жетеу, әке!
Жанбай қалса, шала қасиетсіз,
Әдепсіз болса, бала қасиетсіз,
Ащысы болмаса, тұз қасиетсіз,
Ұятсыз болса, қыз қасиетсіз,
Шөбі шықпаса жер қасиетсіз,
Жігерсіз болса жігіт қасиетсіз! – деп, әкесінің алдынан түсіп, шөкелеп отыра кеткен екен. Ырымшыл әке баласын шапанының етегімен күлегейлеп:
– Тіл, көзіміз тасқа! Тасқа! – деп ұшықтап жіберіпті дейді.
“Қазақтың би-шешендері” кітабынан
sunna.kz