Ислам діні – адамды қараңғылықтан жарыққа шығаратын, өзінің шуағына бөлеп туралыққа бастайтын хақ дін.
Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) пайғамбарлық келерден алдыңғы кезеңге үңілер болсақ жер бетіндегі барша адамзатқа діннің қаншалықты қажеттілігі бар екенін көре аламыз. Азғындыққа салынып, зұлымдық жайлап, күштінің әлсізді билеп, ақысын жеп өз дегенін жасап жатқан кез еді.
Міне осы сәтте, адасып жүрген барша құлдарын тура жолға салатын, жақсы мен жаманды ажыратытын, дүние мен ақыретті білдіретін, жәннәт пен мүжделейтін Пайғамбарға мұқтаж еді. Екі дүние сардардары, жер бетінің ажары, күллі әлемді нұрландырған, жербетіндегі адамзаттың бақыты үшін Алла, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) жер бетіне шапағатшы етіп әрі қасиетті кітабымыз Құран Кәрімді жіберілді.
Бұл дүниенің сынақ әрі өткінші екенін, нәпсімізге еріп қараңғылықта қалып қоймай мәңгі болған жәннәттік өмірге дайындалу тарулы Алла тағалла Құран Кәрімнің «Бақара» сүресінің 257 аятында былай деп ескертеді:
اللَّـهُوَلِيُّالَّذِينَآمَنُوايُخْرِجُهُممِّنَالظُّلُمَاتِإِلَىالنُّورِۖوَالَّذِينَكَفَرُواأَوْلِيَاؤُهُمُالطَّاغُوتُيُخْرِجُونَهُممِّنَالنُّورِإِلَىالظُّلُمَاتِۗأُولَـٰئِكَأَصْحَابُالنَّارِۖهُمْفِيهَاخَالِدُونَ
«Алла Тағала иман келтіргендердің досы. Оларды қараңғылықтан нұрға/жарыққа шығарады. Ал қарғыс болғандардың достары шайтан, оларды жарықтан қараңғылықтарға шығарады. Міне солар тозақтық. Олар онда мәңгі қалады». Құран ғылымының ғұламалары бұл аяттың түсіндірмесінде «Қараңғылықтан нұрға/жарыққа шығару» біліммен тікелей байланыстыра келе, ислам діні білім мен біліктілікке, тәрбие мен тәлімге көп көңілбөліп адамды надандықтан, білімсіздіктен құтқару деп түсіндіреді. Аяттың жалғасында «Жарықтан қараңғылықтарға шығару» деген сөзбен жалғастырған. Өйткені, қараңғылық пенденің сауапты істен күнәға, біліктіліктен білімсіздікке, кемелділіктен надандыққа, мәдениеттен мәдениетсіздік деген түсінік береді.
Күмәнсіз пендені адалдықпен туралықтан тайдырмайтын құндылық – тәрбие мен дұрыс білім. Ендеше,жоғарыда келтірілген астарлы/терең мағыналы Құран аяттыры мен Пайғамбарымыздың хадистерін халыққатүсінікті етіпжеткізетін ислам ғұаламаларына мұқтажбыз. Ал, ислам ғұламалары туралы Құран Кәрімде «Алладан көбірек қорқатын ғалымдар»деп келеді. Ендеше,діни білімді үйрену үшін, біліктілікті арттыру үшін, тәрбие мен тәлім алу үшін, надандықпен білімсіздіктен құтылу үшін және туралықтан таймау үшін ғалымдарға мұқтажбыз.
Қазақи тәрбиеде білімнің маңыздылығын білдіру мақсатында «Білім алу инемен құдық қазғандай» деген қанатты сөз бар. Ендеше, білімді игеру кез келген адамның қолынан келе бермейді яғни білім дегеніміз оңай жолмен қолға түсіретін олжа емес екенін әубаста санамызға сіңірген. Сондай-ақ, бұған қатысты Алла«Білмесеңдер білім иесінен сұраңдар»деді. Яғни дін мәселелерінде түсініксіздік болғанда немесе астарлы Құран аяттарын түсіну үшін ғалымдардың білімі мен тәжірибесіне жүгіну керек екендігін түсінеміз.
Қорытындылайтын болсақ, өмірдің мәні мен маңызы, адалдық пен арамдық, тәрбие мен тәлімсіздік, кемелділік пен надандықтың ара жәгән ажырататын білім. Міне сол себепті де пенде тура жолдан адаспауы үшін білімді болуы міндет.
Хаман Серікбол
Нұр-Сұлтан қаласы «Діндерді зерттеу орталығының» теолог маманы,
«С.Ғылмани» мешітінің ұстазы,