ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Ержан Болатқанұлы Нүкежанов Дін істері комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Е. Нүкежанов 1981 жылы Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.
2002 жылы еңбек жолын «Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясы» ЖАҚ ақпараттық-талдамалық қызметінің редактор-жүргізушісі болып бастаған.
2002-2009 жылдары Халықаралық заманауи саясат институтында, «Хабар» агенттігінде, «Нұр Отан» республикалық саяси партиясы» ҚМ-да, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде жұмыс істеген.
2009-2016 жылдары — ҚР Президентінің Баспасөз қызметінде сарапшы, кеңесші және сектор меңгерушісі ретінде қызмет еткен.
2016-2018 жж. ҚР Парламенті Мәжілісінің Аппарат басшысының орынбасары лауазымын атқарған.
2018 жылғы маусымнан бастап Ақпарат комитетінің төрағасы қызметін атқарған.