Сенбі, 14 қараша 2026 ж. 4 жұмадөл ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 05:52
Күн 07:24
Бесін 12:04
Ақшам 16:33
Құптан 18:04
Жаңалықтар

Қырғызстанның үздік азаншысы қажылыққа барады

12 сәу 2019 2 326 рет оқылды
Қырғызстанның үздік азаншысы қажылыққа барады
Бішкектің орталық мешітінде 27 сәуір күні бірінші республикалық азаншылар конкурсы өтеді. Бұл туралы Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы хабарлады.

Конкурстың бас жүлдесі – Меккеге кіші қажылық жолдама. Ал екінші және үшінші орынға бағалы сыйлықтар тағайындалған. Шараны ұйымдастырушылар – қырғыз мүфтияты мен «Мұхаммед Умар Ош» қоғамдық бірлестігі.

Конкурсқа қатысуға іріктеу сайыстары 2018 жылдың қарашадан басталып, 500-ден аса азаншы қатысқан. Ақтық турға республика бойынша 27 қатысушы өтті.

kazislam.kz