Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Торайғыр бидің әділдігі

0 520

Бір түйелі кісіге бір жаяу жолдас болып, сонда түйелі жаяуға:

–Түйенің жабуынан бір қолыңмен ұста да отыр, – депті.

Әлгі жаяу түйелінің айтуы бойынша түйенің жабуынан ұстап еріп отырыпты. Бір жерге жеткенде түйе зорығып өліпті де, түйелі жаяумен дауласып, ақыры Торайғыр бидің алдына келіпті.

Жаяу:

–Мен жалғыз қолыммен жабудан ұстап отырғаннан басқа, дәнеме қылғаным жоқ, – деп ақталыпты.

–Қанша жер ұстап отырдың? – деп, жер мөлшерін сұрап алып, – сол айтқан жерге шын қолыңды жоғары көтеріп отырып бар. Егер де соған шын қолыңды жоғары көтерген бойы бара алмасаң, түйенің төрттен бірін төле, – депті.

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.