Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Аймақтың құты

0 597

Абылай ханның Кенжетай, Нияз деген екі биі болыпты, басқа он биі бұларды күндеп, “Кенжетай мен Нияз ханды қалжақтайды, ал, оларды хан жақтайды”, – деп мәтел қылып, халыққа таратыпты.

Мұны Абылай естіп, бір күні күндеуші он биден: “Жердің құты, елдің құты, ауылдың құты, аймақтың құты не?”, – деп сұрапты.

Билер шеше алмайды. Сөйтіп отырғанда, Кенжетай, Нияз келіпті.

Келіп отырысымен Абылай:

–Белдеріңді шешпес бұрын мына жұмбақты шешіңдер, – деп, өзінің он биге қойып отырған сұрағын айтыпты. Сонда Нияз тұрып:

–Меніңше, жердің құты  – жаңбыр, елдің құты – азамат, ауылдың құты – жақсы әйел, аймақтың құты – әділ басшы, – депті.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.