Дүйсенбі, 14 қыркүйек 2026 ж. 3 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 05:42
Бесін 12:15
Екінті 16:36
Ақшам 18:36
Құптан 20:06
Мақалалар

Әуезов дәл айтқан екен

9 нау 2023 958 рет оқылды
Әуезов дәл айтқан екен

Көбікті толқын санама.

Тамыр болдың – айтыс жоқ, қолдан бердің – қайтыс жоқ.

 

Аузымен айды алып, қолымен қосаяқ соға алмайтын жандар бар.

 

Бас асауға – жез ноқта.

 

Кісінің бір айыбын маған айтқан адам – менің жүз айыбымды кісіге айтар.

 

Іздессең – табарсың, алыссаң – аларсың.

 

Еркін екем деп – ерсі кетпе.

 

Еңбек шыққан жерден – төзім де шығады.

 

Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық қана – шын мәнінде қымбат табыс.

 

Адам баласы, әсіресе, надан, еңбексіз болса – құлқынына құлдығы күшең болмақ.

 

Қазақ "От пн су – тілсіз жау" дейді. Бұл бір жағынан, дұрыс та, екінші жағынан, дұрыс емес. Жалғыз от пен су емес, жаратылыстың қайсысын алсақ та тілін білсек – құлымыз да, тілін білмесек – жауымыз.

 

Берекені көктен тілемес, еткен еңбектен тіле.

"Алаш айтқан асыл сөз" кітабынан.

sunna.kz