Сейсенбі, 27 қазан 2026 ж. 16 жұмадөл әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 06:53
Бесін 12:03
Екінті 15:13
Ақшам 17:03
Құптан 18:30
Мақалалар

Аймақтың құты

9 нау 2023 900 рет оқылды
Аймақтың құты

Абылай ханның Кенжетай, Нияз деген екі биі болыпты, басқа он биі бұларды күндеп, "Кенжетай мен Нияз ханды қалжақтайды, ал, оларды хан жақтайды", - деп мәтел қылып, халыққа таратыпты.

Мұны Абылай естіп, бір күні күндеуші он биден: "Жердің құты, елдің құты, ауылдың құты, аймақтың құты не?", - деп сұрапты.

Билер шеше алмайды. Сөйтіп отырғанда, Кенжетай, Нияз келіпті.

Келіп отырысымен Абылай:

–Белдеріңді шешпес бұрын мына жұмбақты шешіңдер, - деп, өзінің он биге қойып отырған сұрағын айтыпты. Сонда Нияз тұрып:

–Меніңше, жердің құты  – жаңбыр, елдің құты – азамат, ауылдың құты – жақсы әйел, аймақтың құты – әділ басшы, - депті.