Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Шәкәрім қажы: Ғұсыл құйыну туралы

0 580

Адамды жүніп қылып ғұсыл құйынуды парыз қылатұғын нәрселер – Ұрғашыға жатса да, ихтилам болса да, не себептен болса да адамның бойынан кетсе, яки бойынан кетпесе де, жұмсақ басы кірсе, еркекке де, ұрғашыға да ғұсыл парыз болады.

Ұрғашылар етеккірі тоқтап тазарғанда және бала тапқандағы нифас қаны тоқтағанда ғұсыл құйыну керек.

Бір кәпір мұсылман болса, ғұсыл құйыну керек.

Кімге ғұсыл парыз болса, әуелі ғұсыл құйынбай тұрып денесіне тиген нәжіс нәрсе болса, соны жуып, онан соң дәл намаз оқитұғындағыдай дәрет алу керек, бірақ аяғын жумай-ақ, ғұсыл құйынады.

Ғұсыл құйынғанда басынан үш мәрте су құйып, онан соң оң иығына үш, онан соң сол иығына үш мәрте су құйып, ақырында тамам денесіне түгел бір құйып, құлақ, кіндік һәм бір түгін құры қалдырмай шомылып, ең соңында екі аяғын жуады. Шаштың түбіне де су барсын, бірақ тұлымның арасын жазып жумаса да болады.

Ғұсылдың парызы – әуел ниет қылмақ және денесіне тиген нәжісті жумақ, аузы, мұрнын шаймақ, барша денесін түгел жумақ. Мұнан басқалары – сүннет.

“Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармалары” ІІ томынан

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.