Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Қызылордада қарттармен кездесті

0 606

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қызылорда облысына барған сапарында 1 қазан –  Халықаралық қарттар күні қарсаңында қариялармен кездесіп, мерекемен құттықтап, ізгі ниетін жеткізді.

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында» өткен кездесуде Наурызбай қажы Тағанұлы: «Иман шартын жүрегіне бекіткен мұсылман жақсылық пен жамандық Алладан деп қабылдайды. Нығметке кенелсе – шүкір етеді, қиындыққа тап болса төзімділік танытады. Уақытша сынақты әуелі Алланың жәрдемімен, иманымыз бен сабырымыздың арқасында жеңіп шығуға көбірек үміт арту керек. Алла Тағала қасиетті Құранда: «(Мұсылмандар) Босамаңдар да қайғырмаңдар. Егер мүмін болсаңдар, әлбетте үстем боласыңдар» («Әли Имран» сүресі, 139-аят), – деп мұсылман баласын сүйіншілеген. Жаратушы Иеміз сіздерге күш-қуат, мықты денсаулық пен бар жақсылығын нәсіп етсін!» деді.

Кездесуден кейін Бас мүфти қарияларға дұға жасап, құрметпен сый-кәдесін тарту етті.

Айта кетсек, бүгінде бұл орталықта 145 қария бар.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.