Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Халал тақырыбында халықаралық семинар басталды

0 325

Алматыда «Азия-Араб өңірінде OIC/SMIIC «Халал» стандарттарын қолдануды ілгерілету жобасы» тақырыбында халықаралық семинар-тренинг басталды. Үш күнге жоспарланған халықаралық шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен маман Данияр Сафиев қатысуда.


Ислам елдерінің стандарттау және метрология институтының ұйымдастыруымен стандарттау және сертификаттау ұйымдарына арналған халықаралық семинар-тренинг барысында халалға қатысты жаңа стандарттар мен заманауи мәселелер қаралады.

Халықаралық оқу жиынына қатысушылар арасында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Татарстан, Әзірбайжан, Ресейден келген сертификаттау және стандарттау мамандары бар.

Халықаралық шараның жоспары бойынша SMIIC өкілдкрі мен Түрік стандарттар институтынан (TSE) арнайы шақырылған спикерлер МС SMIIC туралы ақпараттар беріп, халал азық-түлік өнімдеріне арналған үш OIC/SMIIC стандарттарын қабылдау процедурасы, OIC/SMIIC 3: 2011, OIC/SMIIC 2: 2011 талаптары мен халал сертификаттау органдарына арналған нұсқаулық жайында бағыт бағдар береді.

Сонымен қатар OIC/SMIIC 1: 2011 талаптары халал тамақ өнімдеріне арналған нұсқаулық, міндетті терминдер мен анықтамалар бойынша бағдарламалар, антисептикалық заттардың әсер ету механизмдері, өндіріс орындарының жағдайы, аудит әдістері мен кезеңдері, Халал тамақ өнімдерін техникалық тексеру ережелері-аудит әдістері мен кезеңдері (TS 19011) тақырыптары қамтылады.

Семинер-тренингтің қорытындысында қатысушылардан сынақ емтихандар алынып, сол бойынша біліктілік жөніндегі арнайы сертификаттар табысталады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.