Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Наиб  мүфти Сансызбай Құрбанұлы жамағатқа насихат айтты

0 564

Бүгін «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы жамағатпен жұма намазын оқып, уағыз, насихат айтты.

Наиб мүфти жамағатқа «Бес нәрсе келмей тұрып, бес нәрсені ойлан» тақырыбында көркем уағыз айтып, ислам тарихынан ғибратты мысалдар келтірді.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с): «Бес нәрсе келмей тұрып, бес нәрсені бағала: кәрілік жетпей тұрып жастықшақтың қадірін, ауырмай тұрып денсаулықтың қадірін, кедейлікке ұшырамай тұрып байлықтың қадірін, жұмысбасты болмай тұрып бос уақыттың қадірін, ажал келмей тұрып өмірдің қадірін біл!» – деген (имам Хаким) өсиетін тарқатып баяндады.

Адам баласына бұл өмірде берілген әр нығметтің ақыретте сұрауы бар екенін, әр нығметтің қадірін біліп, бағалап, Жартушымыз Алла Тағала разы болатын амалдарды атқаруымыз керек екенін айтып, жамағатпен бірге еліміздің амандығы мен береке, бірлігі үшін дұға жасады.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.