Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти діни сараптама бөлімінің жұмыс есебін тыңдады

0 477

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен жиында ҚМДБ Діни сараптама бөлімінің есебі тыңдалды. Бөлім басшысы Нұрлан Қайырбеков бөлімнің 2022 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша атқарылған іс-шаралар туралы баяндады. Сондай-ақ ол алдағы уақытта еліміздегі мешіттерге қарасты діни кітап дүкендерінің жұмысы бақылауға алынып, дүкендерде сатылатын еңбектердің шариғи мазмұны жіті тексерілетінін жеткізді.

«Біздің мақсатымыз – ҚМДБ-ға қарасты мешіттер, оқу орындары мен сауат ашу орталықтарындағы және мешіт дүкендеріндегі діни кітаптардың мазмұнын бақылай отырып, оқырманға тек діни сараптамадан өткен сапалы әдебиет ұсыну әрі теріс ағымға насихаттайтын кейбір кітаптардың Қазақстанда таралуына жол бермеу. Биыл Діни сараптама бөліміне 84 діни еңбек келіп түссе, оның 79-ы сараптама қорытындысының оң бағасына ие болып, басылуға және оны таратуға рұқсат алды» деді Нұрлан Ефратұлы.

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы діни әдебиеттерді сараптау маңызды іс екенін айта келіп, бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де жетілдіруді тапсырды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.