Жұма, 31 шілде 2026 ж. 17 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 02:30
Күн 04:33
Екінті 17:43
Ақшам 20:08
Құптан 22:10
Жаңалықтар

Бас мүфти қайырымдылық жоба үздіктері мен еріктілерді марапаттады

17 қар 2022 1 091 рет оқылды
Бас мүфти қайырымдылық жоба үздіктері мен еріктілерді марапаттады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен өткен «QAIYRYMDYLYQ JARSHYLARY» бірінші республикалық еріктілер форумында қайырымдылық жұмыстарының үздіктерін марапаттады. Атап айтсақ, «Үздік қайырымдылық жоба» номинациясы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы қаласындағы жауапты өкілі Темірбек Пернебекұлы марапатталса, «Жыл жанашыры» номинациясы Оксана Шумейкоға табысталды. Оксананың Қостанай облысындағы төтенше жағдай кезінде «Зекет және қайырымдылық» қоры құрған арнайы штабында күні-түні қызмет істеп, Әулиекөл ауданы тұрғындарына жедел көмек беруге атсалысқанын ерекше атай кеткен жөн.