Алла Тағала Дəуіт пайғамбарға: «Мен үшін ең сүйкімді пенде, (құлшылығы үшін) ақы дəмеленбей тек, рубубият ақысын өтеу үшін ғибадат қылған адам», – деп уахи жіберген.«Забур» кітабында: «Тек жəннатқа кіру үшін немесе жаһаннамнан құтылу үшін құлшылық қылған пендеден залымырақ кім бар?! Егер Мен жəннат пен жаһаннамды жаратпағанымда ғибадатқа лайық болмас па едім?» – делінген.
Иса пайғамбар бір топ адамдардың қасынан өтеді. Олар құл-шылықтың əсерінен азып-тозып кеткен екен. Сонда олар Иса пайғамбарға: «Біз тозақ отынан қорқып, жəннатты үміт етіп мына хəлге түстік», – депті. Иса пайғамбар: «Мақұлықтан (жаратылған тозақтан) қорқып жəне содан үміт қылыпсындар», – деген екен.
Əбу Хазим (Алла оны рақым етсін): «Мен Аллаға сауап немесе азап себептері үшін құлшылық қылуға ұяламын. Егер солай жасасам, онда (қожайынынан) қорықпаса амал қылмай- тын немесе сый-сияпат бермесе жұмыс істемейтін жаман қызметші сияқты көрінемін».
материал «Аллаға махаббат» кітабынан алынды,
sunna.kz