Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешіт жамағатына «Жат ағым жарға жығады» семинары өтті

0 408

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде жамағатқа арналған «Жат ағым жарға жығады» семинары өтті.

ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов «Қазақстандағы жат ағымдар» тақырыбында, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы Рахматулла Байменов «Дін және дәстүр үйлесімділігі» тақырыбында жамағатқа мағыналы, көркем насихат айтты.

Дін және дәстүр үйлесімділігін мысалдармен түсіндірген мешіттің наиб имамы Рахматулла Байменов сәбидің дүниеге келуінен бастап, адам баласының ақтық сапарға аттандырғанға дейінгі аралықта қазақ халқында жасалынатын салт-дәстүрдің Ислам дінімен біте қайнасқан екендігін кеңінен насихаттады.

«Қазақстандағы жат ағымдар» тақырыбында тарқатып айтқан Хасан Аманқұлов дінсіздікті діңгек еткен кеңестік дәуірдің бодауынан енді ғана шыққан халықты «кәпірсің» деп айыптау сауатты мұсылманнің ісіне жатпайтынын, әрбір адамның жаны, өмірі – өзіне аманат болса, бүгінгі адамзат қоғамын тұтас қалыпта, дұрыс бағытта ұстап тұру да – баршаға аманат екендігін жамағатқа көркем түрде жеткізді.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.