Қателікке беттемеу ізгілік болса, сол қателіктен қайту да үлкен ізгілік. сахабалардың бәрі де осындай ізгілік шеңберінде өмір сүрді. Мәселен, Айша анамыздың (р.а) басы күнәдан таза екенін көрсеткен аяттардың соңына қарай орын алған мына сөздер хазірет Әбу Бәкірдің (р.а.) назарын айрықша аударды. Аят былай деген еді:
«Араларыңдағы ізгі әрі мүмкіндігі барлар туыстарына, кедейлерге, Алла жолында һижрет еткендерге садақа бермеймін деп ант ішпесін, кешіріп, кішіпейілдік танытсын! Өздерің де Алланың сендерді кешіріп, кеңшілік көрсеткенін қаламайсыңдар ма? Алла Тағала шынында да Ғафур (өте кешірімді), Рахим (рақымы мол)».
Бұның себебі, хазірет Әбу Бәкір (р.а.) өзі сол күнге дейін көмектесіп келген мистахқа енді көмектеспейтінін айтқан болатын. Өйткені ол Айша (р.а) туралы жалаға қосылған еді. Жағдай басылғаннан кейін сабасына түсіп, қайтадан көмек беруін жалғастырды. Өйткені, кешірімді болса, алла да өзіне кешіріммен қарамақ. сол себепті аяттың соңындағы:
«Алланың да сендерді кешіргенін қаламайсыңдар ма?» дегенін естігенде, көңілі толқып:
– Әрине, қалаймын, Алланың мені кешіргенін қалаймын, – деген.
Содан бастап Хазірет мистахқа көмек беруін тоқтатпай, өзіне былай деп уәде берді:
– Енді көмек беруден бас тартпаймын…
материал «Хазіреті Айша (р.а)» кітабынан алынды,
sunna.kz