Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

25 жыл өмірде бірде-бір ұрыспаған ерлі-зайыпты

0 468

Хуайлидтің қызы Хадиша (р.а.) бүкіл мүміндердің анасы, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүйікті жары, дініміздің жарқыраған жақұты, бұл әлемдегі әйелдердің ең қайырларының бірі еді. Алла Тағала оған Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) жары, оның ұлдары мен қыздарының анасы болу бақытын бұйырды. Ол ақылды, дана, сабырлы, талантты, барлық көркем мінездерді бойына жинаған жан болатын.

Хадишаның бұрынғы некесінен екі баласы бар еді. Үйленгеннен кейін де олар анасымен тұруды жалғастыра берді. Хадиша анамыз Мұхаммедке (с.а.у.) пайғамбарлық келгенге дейін 15 жыл, кейін 10 жыл, барлығы 25 жыл бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешті. Құдайдың құдіретін көрмейсіз бе, олардың арасында ешқашан ұрыс-керіс, түсініспеушілік деген болған емес. Хадиша анамыздың Пайғамбарымызға (с.а.у.) реніш білдіріп, сөз қайтарған сәті де болмапты. Мұндай жағдай әлемдегі еш әйелдің басынан өткен емес. Себебі, осы уақытқа дейін Хадишадан басқа бір әйелдің күйеуімен ұрсыспағаны жөнінде деректі құлағымыз естіген емес. Барлық шаңырақта ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмаған.

Міне, Хадиша анамыздың басынан өткен дәл осы оқиға қазіргі бір-бір үйдің шамшырағына айналып отырған қыз-келіншектерімізге үлкен сабақ болуы тиіс. Мүмкін сіз “Менің басымдағы қиын жағдай оларда болмады ғой” деуіңіз мүмкін. Онда қателесесіз, Хадишаның басынан да талай қиындықтар өтті. Бірақ сол үшін ол Пайғамбарымызға (с.а.у.) шағым жасаған емес.   Пайғамбарымыздың (с.а.у.) да оған көңілі әр кез толы болатын. Кейінгі әйелдерімен аз-маз келіспеушіліктер болып, тіпті ажыраспақ ниетпен талақ бергендері де кездесті. Ал еш деректе Хадиша анамыздың Пайғамбарымызға (с.а.у.) кішкентай болса да ауыртпалық түсіргенін, тіпті сәл ренжігенін келтірілмейді.

материал «Әлем таныған мұсылмандар» кітабынан алынды,

sunna.kz 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.