Алматы қаласына Жамбыл облысынан арнайы келген делегация «Нұр-Мүбарак» университетінде оқып жатқан осы өңірдің студенттерімен жүздесті.
Кездесуге Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев, бас имам Бейбіт Мырзагелдиев және облыс әкімдігіне қарасты Дін істері басқармасының басшысы Сәкен Мыңбаев, «Нұр-Мүбарак» университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев пен жамбылдық шәкірттер қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары мен бас имам оқуын биыл бітіретін түлектерді Жамбыл облысында қызмет жасауға шақырды. Болашақ жас мамандарға Жамбыл облыстық орталық мешіті немесе қалалық, аудандық мешіттерге жұмысқа орналастыру, кадрлардың қажеттілігін және мамандарға көрсетілетін қолдау туралы тілге тиек етті.
Дін істері басқарма басшысының Сәкен Мыңбаев жастарға жан-жақты қолдау жасалатынын атап өтті.
Айта кетейік, бүгінде Жамбыл облысынан аталған оқу орнына барып 127 шәкірт білім алуда. Ал биыл 2022 жылы 28 түлек қолдарына маман дипломын алғалы отыр.