Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас имамдар жылдық есеп беруде

0 377

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен өтіп жатқан Төралқа мәжілісінде облыс бас имамдары 2022 жылдың қорытынды есебін баяндауда.

Төралқа жиынында Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың бас имамдары өңірдегі биыл әртүрлі бағытта атқарылған жұмыстардың қорытынды есебін жеке-жеке баяндап, слайд түрінде ұсынды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлерінің жыл бойына атқарған жұмысына оң баға беріп, сәттілік тіледі. Сондай-ақ жетілдіруі қажет тұстарын екшелеп, кемшін түсіп жатқан бағыттар бойынша әлі де жұмыс істеу керектігін ескертті.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.